Азық-түлік ұрлаған күдікті қамауға алынды

403

Түркістан ҚІІБ –на жергілікті азық-түлік дүкенінің иесі арызданып, онда түнгі уақытта белгісіз тұлға дүкеніне терезе арқылы кіріп ондағы ақша, ұялы телефон мен азық-түліктерін жасырын ұрлап кеткенін көрсетеді. Жәбірленушіге 240 мың теңгеге жуық шығын келген.

Аталған жайт Түркістан ҚІІБ-ның СДТБТ-не тіркеліп ҚР ҚК-нің ұрлық бабымен қылмыстық іс қозғалған. Бұл қылмыстық іс бойынша Түркістан ҚІІБ қызметкерлерінен құрылған жедел-іздестіру тобы жан-жақты шаралар қабылдап, іздестіру жұмыстарын алып барған. Нәтижесінде жергілікті 25 жастағы тұрғын анықталып ұсталған.

Түркістандық полицейлер жүргізген тергеп-тексеру жұмыстары кезінде күдіктінің ұрлықтың 11 дерегіне қатыстылығы анықталған. Ол барлық ұрлық қылмыстарын тек Түркістан қаласындағы азық-түлік дүкендерінде жасаған. Түнгі уақыттарда пластик терезелерін бұзу арқылы ішке кіріп, ондағы ақша, бағалы заттар мен азық-түліктерді жымқырып кетіп жүрген. Жәбірленушілерге жалпы 1,5 миллионға жуық шығын келген.

Қазіргі таңда Түркістан ҚІІБ –ның тергеушілері аталған қылмыстық іс бойынша жинақталған іс-құжаттарын айыптау актісімен сотқа жолдаған. Күдікті уақытша ұстау абақтысында қамауда.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы