Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқыны.
Осы орайда, Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында дарынды оқушыларды қабылдады, — деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Қабылдауда бүлдіршіндер ой-пікірлерімен бөлісіп, өлең – тақпақтар айтып, өз өнерлерінін ортаға салды. Қала әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы балаларға ізгі тілегін білдіріп, сый-сияпат жасады.