Қаладағы балабақшалардың бірінен баласын алып кетпек болған ана кешкі апақ сапақ уақытта қомақты қаржысынан айырылып қалды. Көлігін бақша маңайына қаңтарып ішке кіріп кеткенінде көліктің оң жақ терезесін сындырып белгісіз біреулер 3 млн. теңгесін үптеп кеткен.
Оқиға орнына Әл Фараби аудандық ІІБ тергеушілері мен криминалистері келіп қажетті іс шараларды жүргізді. Қолы сұғанақтарды іздестіру жұмыстары қолға алынды.
Жанар Есенбекова