Ағымдағы жылдың наурыз айында Түркістан қ. ІІБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды, онда белгісіз біреулер есігін бұзу арқылы оның дүкенінен тауар мен ақшасын қолды қылған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден аса соманы құрады. Осыған ұқсас арыздарымен полицияға Түркістан қ. тағы бірнеше тұрғындары хабарласты.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан қ. полицейлері өз ісін мойындаған күдіктіні ұстады. Тергеу бойынша ұсталған күдікті өзгенің мүлкін ұрлаудың 6 жайтына қатысы бары анықталды. Келтірілген жалпы шығынның сомасы 600 мың теңгені құрады.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша «ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталған күдіктінің осыған ұқсас қылмыс жасауға қатысы бары анықталды.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы