Екі жыл бұрын мал ұрлаған барымташылар ұсталды

608

Бәйдібек АІІБ полиция қызметкерлері аудан тұрғындарының бірінің үйінен мал ұрлаған жергілікті тұрғынды ұстады. 2016 жылдың қазан айында Бәйдібек АІІБ-не жергілікті тұрғын жайылым орнынан 9 бас ірі қара малы жоғалғандығы туралы арызданды. Аталған жайт «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген.

Екі жылдан кейін Бәйдібек АІІБ қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде барымташының ізіне түсті. Полицейлердің анықтауынша, күдікті түнде жайылымнан 9 бас ірі қара малды ұрлап, Түркістан қ. базарына өткізген. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 1,5 миллион теңгені құрады.

Қазіргі таңда мал ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталғандардың осыған ұқсас мал ұрлаудың басқа да жайттарына қатысы барын тексеруде.

Тәжірибе көрсеткендей, мал ұрлаудың көп жағдайы жәбірленушілер полицейлердің бірнеше ескертуіне қарамай, өздері малдарын қараусыз қалдырғандарынан болады.
Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына өз мүліктеріне сақ болуға және малдарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Мүмкіндігінше шаруашылық қора-жайларын сенімді бекітіп, малға ен салып, таңбалау, сондай-ақ малшыларды жалдау керек.Осы қажетті профилактикалық шаралардың барлығы облыс тұрғындарына қылмыстық қастандықтардан өз мүлкін сақтауға көмек береді.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы