Бүгін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ОҚО ІІД және ОҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, бірқатар облыс аудандарында экстремистік идеология туралы аудио және бейнежазбаларды таратқаны үшін 8 азамат ұсталды.
ОҚО ІІД-де ҚР ҚК –нің «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Департаменттің Тергеу басқармасымен барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы