Кентау қаласында тұрғын үй құрылысы қарқын алған. 7 үйдің екеуі «Даму» бағдарламасы бойынша, қалған бесеуі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынуда.
Құралбаев көшесіндегі 5 қабатты 60 пәтерлі үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Құрылысы былтыр басталған нысан биыл жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Мұнда бір бөлмелі 10, екі бөлмелі 20, үш бөлмелі 30 пәтер бар. Жобалық сметалық құжат бойынша құны 463 жарым млн. теңге
Кентау қаласы әкімінің орынбасары: «Кезекте 2 мың 86 адам тұрады. Олардың арасында аз қамтылған отбасылар, бюджет мекемесінің қызметкерлері бар. 2020 жылға дейін Кентауда 35 көпқабатты үй салынады деп жоспарлануда. Қараусыз қалған көпқабатты үйлерді сатып алуға бюджеттен қаржы бөлінсе, оларды да күрделі жөндеуден өткізіп, баспана кезегінде тұрғандарға үлестіреміз».
Халық саны 97 мыңға жеткен Кентау қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емхана мен жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының құрылысы басталды.
Бегалы Архабаев, мердігер: «Қаржыландыру көзі облыстық бюджет есебінен. Құрылыстың сметалық құны 1 млрд. 627 млн. теңге. Кестеден ауытқу жоқ. Барлығы талапқа сәйкес жүргізілуде».