Мұхтар Мұхамбетжан ақылы автотұрақтар айналасындағы заңсыздықпен соңына дейін күреспек

836

Шындық іздеп қызметінен қуыла жаздады. «Тұрғын үй Шымкент» мекемесінің директоры Мұхтар Мұхамбетжан шаһар көшелерін қаптаған ақылы автотұрақтардың заңсыз әрі сол тұрақтардан бюджетке бір тиын түспейтіндігін мәлімдеп, әкімдікке хат жазған болатын.

Қала басшысына жазған ашық хатында тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасының да баяу жүргізіліп жатқанын көтеріп, дабыл қаққан. Айтылған ащы шындығы үшін «Тұрғын үй» инспекциясының басшысы Марат Жұманов қызметінен босату туралы бұйрық шығарыпты. Екі арада туындаған дауға нүктені қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қойды.

Әкім «Тұрғын үй» инспекциясының басшысы Марат Жұмановтың шығарған бұйрығының күшін жойды. Ал ащы шындықты айтамын деп басы дауға қалған Мұхтар Мұхамбетжан ақылы автотұрақтар мен сағызша созылған көпқабатты үйлерді жаңғырту бағдарламасы туралы шындықты соңына дейін жеткіземін деп бекініп отыр.

Нұрлан Күдерұлы