Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында 2018 жылдың 14 мен 18 мамыр аралығында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес мекемелердің, жұртшылықтың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып өткізіледі.
Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыс атқаруға, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту, халықтың қалың тобын отбасында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және оның жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңгерлік кеңес беру, сондай-ақ, өңірлерде сенім телефондары мен дағдарыстық орталықтарының бар екені туралы халыққа хабарлау болып табылады.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.