ОҚО мешіттерінде қуғын-сүргін құрбандарына Құран бағышталды

438

Бүгін, Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде жамағаттың алдында Қазақстанда ХХ ғасырдың 20-50-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы ұйымдастырылды, — деп хабарлайды ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.

Сол зұлмат жылдары тарихшылардың айтуы бойынша, 4 миллиондай Қазақстан азаматы зардап шеккен. Тарих бетіне қаралы ізін қалдырған осынау оқиғаның құрбандарын ақтау, ерліктерін еске алу тәуелсіздігіміздің арқасында қолға жетті.
Осыған орай, еліміздің әр өңіріндегі мешіт қызметкерлері облыс, аудан, ауыл әкімдіктерімен бірлесіп, қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шараларын дәстүрлі түрде жалғастырып келеді.

Жалпы, облыс бойынша 160 мешіттерде оқылып жатқан хатым Құран сауабы сол жылдары жазықсыз шейіт болған марқұмдардың рухтарына бағышталды.