Отан қорғаушылар күніне орай 150 полицей марапатталды

892

Бүгін ОҚО Ішкі істер департаментінде полицейлерді, Ұлы отан соғысының және Ішкі істер органдарының ардагерлерін Отан қорғаушылар күні және Жеңіс мерекесінің 73 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Онда ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры Қ. Қасымовтың құттықтау хаты оқылды.

Аталған салтанатты іс-шараны ашқан ОҚО ІІД бастығы полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, қылмыспен күресуде құқыққорғау органдарының абыройын арттырып жүрген және әлемді фашизмнен құтқаруға ат салысқан ардагерлерге өз лебізін білдірді.

Сондай-ақ, ҚР ІІО Ұлттық Ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сержан Тұрсынбеков полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтап, ардагерлердің өмір жолдары жас полицейлердің міндетіне берік болуы, патриоттық сезіміне Отанға адал қызмет жасауына үлгі болатынын, олардың қатары сиреп бара жатқанын, бүгінде бар жоғы 2 ғана Ұлы отан соғысының ардагері қалғанын, оларды атап өтсек, Мухачев пен Котярев, екеуі де бүгінде 96 жасқа келгенін атап кетті.

Әрі қарай салтанатты түрде ұзақ жылдар бойы адал қызметі мен жоғары кәсібі үшін ҚР Ішкі істер министрінің атынан 33 қызметкер марапатталды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үздік қызметі үшін департамент бастығының бұйрығымен 129 полиция қызметкерлеріне грамота және алғыс хаттармен марапатталды.

Салтанатты іс-шара соңы эстрада жұлдыздары мен талантты полицейлердің қатысуымен мерекелік концертке ұласты. Әсіресе, полиция аға лейтенанты Қалиева Айгүл жанды дауыста ән айтып, көпшілікті өзінің талантымен тәнті етті. Сондай-ақ, «Шабыт» фестивалінің лауреаты Олжас Бекбауов «Қою қара түн» атты әнімен көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Жиыннан соң, Ұлы Отан соғысы мен Ішкі істер органдары ардагерлеріне арналған мерекелік дастархан жайылып, ерекше құрмет көрсетілді.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы