Қасиетті Рамазан айында әнші Сәкен Майғазиевтің төртінші баласы дүниеге келді. Алматы қаласындағы перинаталдық орталықта Майғазиевтің әйелі Динара үшінші қызын босанды.

Бейсенбі күні, мамырдың 31-не  жарық дүниеге келген қызы туралы сүйінші хабарды Сәкен Майғазиевтің өзі туған жері Созақ ауданында жүріп естіпті. Әнші туған бауыры Роман екеуі бүкіл елді аралап, концерт беріп жүр. Бірер күн бұрын ғана Алматының «Алма Арасанында» ауызашар берген әншінің тілегі қабыл болғандай.

Мұсылман қауымы үшін қасиетті Хадистерде айтылғандай, Сәкен Майғазиев үш қыздың әкесі атанып, жұмақтың кілтін тапқандай десе де болады. Айта кетейік, Сәкен Майғазиевтің Әділет есімді ұлы, Раяна мен Мәриям есімді қыздары бар.