Түркістанға қарасты Жүйнек ауылдық мəдениет үйінде жергілікті ақын Абдіғаппар Жақыповтың «Сөйлесем деп мүлгіген үнсіздікте» атты кездесу кеші өтті. Кеш ауыл əкімшілігі, мəдениет үйі, 15 кітапханашылардың ұйымдастыруымен өткізілді.
Сахна басы ақынның «Түс» атты өлеңіне сахналық қойылыммен ашылып, ақынның шығармаларынан өлеңдер оқылып жалғасын тапты. Ақынның ұстаз тұтқан ақын ағалары Нұрмахан Назаров, жастар одағының лауреаты, композитор Сауран Елеуов, Зейнолло Еркебұлаев қатысып сахнада ақынға деген жүрекжарды лебіздерін айтып құттықтады.
Сауран Елеуов өз шығармасынан «Түркістан», «Айдыннан ұшқан аққулар», «Апатайым, анашым» атты əндерін сырнайда көрерменмен қосыла орындап көпшіліктің ризашылығына бөленді