Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Серпін» бағдарламасы аясында келіп жатқан жастарға жеке үй салып беруге дайын екенін айтты, деп xабарлайды inform.kz.
«Жуырда ғана «Серпін» бағдарламасы бойынша оқып жатқан балалармен кездескен едім. Бүгінде мемлекеттік университет пен бес колледжде 1 114 бала оқып жатыр. Биыл алғаш рет мемлекеттік университеттің түлектері өз оқуын аяқтайын деп жатыр. Олардың оқуына, жататын жерлеріне, ішетін тамақтарына, сосын аулына жылына екі рет барып келуге біз бюджеттен ақша бөліп отырамыз. Сонда барлығы тегін деуге болады. Сондықтан біз осы балаларды оқудан кейін өзімізде қалдыруға тырысып жатырмыз. Соңғы кездесуде мен екі балаға былай деп айттым, осы жерде үйленіп, балалы болсаңдар, біз сендерге тегін үй салып береміз. Осындай уәде бердік. Әрине, қалада емес, аудан орталығында емес. Ауылға бару қажет», — деді Қ.Ақсақалов.
Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. ҚазАқпарат тілшісіне сұxбат берген облыс әкімі аталған бастаманы кеңінен түсіндіріп берді. Оның айтуынша, ауылды жерге жұмысқа барған жастарға кәсіпкерлер үй салып береді. Алайда оны бірден жеке меншікке бермейді. Бас кезінде қызметтік баспана ретінде рәсімделеді.
«Қазір ауыл мектептеріне, ауруxаналарға, фельдшерлік бекеттерге маман қажет. Жас мамандар сол жерге барып, балалы болса, біз оларға тегін үй салып береміз. Ол қызметтік баспана болады. Артынан жекешелендіруге де болатын шығар деп ойлаймыз. Ондай бастама бар. Үйді кәсіпкерлер салып береді. Соның арқасында ауылға білікті мамандарды тартуға болады», — деді Қ.Ақсақалов.