Сарыағаш ауданында 585 пәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Биыл 780 мың шаршы метр тұрғын үй ел игіліне беріледі деп күтілуде.
Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданындағы сапары кезінде Қапланбек оқу-тәжірибе шаруашылығы аумағындағы «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты. Айта кетейік, бүгінде ауданда 4 мыңнан аса азамат тұрғын үй кезегін күтуде. Мұндай көлемдегі тұрғын үй құрылысы шамамен жарты ғасыр ішінде болмаған болмаған деп отыр шенеуніктер.
Сондай-ақ, тұрғын үйлерді салу барысында ауыз су, газ, электр, жылу, жол және абаттандыру жұмыстары сынды барлық инфрақұрылым мәселелері шешімін табатын болады. Өңір басшысы аудан әкіміне кәріз жүйесінің шешімін табуды мықтап тапсырды. Құрылыстың сапасын және жұмыс процесінің кешеуілдемеуі де жергілікті билік өкілдерінің назарында болмақ.