Қаладағы саябақтарда велосипед тебуге тыйым салынбақ. Алғашқылардың бірі болып, «Металлург» саябағының әкімшілігі бұл шешімді қабылдады. Демалыс аймағында велесипед тебуге болмайды деген ескерту тақтайшаларын іліп қойды. Демалушылардың қауіпсіздігі үшін жасалған шараны көпшілік қолдап отыр.
“Металлург» саябағы бүгінде қалалықтардың ең сүйікті орындарының біріне айналған. 6 гектар алқапты алып жатқан демалыс орнында Кеңес Одағының көзі болып қалған 2 мыңнан астам көпжылдық ағаштар бар. Ал жаңғырту кезінде мұнда және 2 мыңға жуық жас ағаш көшеттері мен 2 мың раушан гүлі отырғызылды. 41 мың шаршы метр көкмайса егіліп, 38 мыңнан астам жаяу жүргінші жолы төселді .Енді сол тақтайдай тегіс жолда велосипед тебуді ұнататындардың қатары көбейіп келеді, ал ол саябаққа демалу үшін келетін жұртшылыққа қауіпті дейді қалалықтар.
Көпшіліктің пікірімен келіскен саябақ әкімшілігі велосипед тебуге болмайды деген тақтайша іліпті. Айтуларынша жақында ғана екі жасар сәби абайсызда жарақат алған. Өкініштісі сол бұл ескертуге қалалықтардың бірі көңіл бөлсе, енді бірі пысқырып та қарамайды екен.
Осы тұста айта кетер және бір мәселе саябақ әкімшілігінің бұл қадамын әлеуметтік желідегілер де қолдайтындығын көрсетті. “Саябақ спортпен шұғылданатын, не шайтан арба тебетін алаң емес. Халық демалып, жанына сая іздейтін орын” дейді. Сондықтан да, велосипед тебуге заң жүзінде, тыйым салу қажет деп отыр.
Нұрлан Күдерұлы