Шымкентте 63 жастағы қария әйелін пышақтап өлтірді

3204

Отбасындағы жанжал қанды оқиғамен аяқталды. Шымкентте «Күншығыс» шағын ауданындағы №67 көпқабатты үйдің біріндегі пәтерде тұратын отағасы әйелін  пышақтап өлтірді. Қанды оқиға 11 мамыр күні түнгі уақытта болған.

Ерлі — зайыптылар сөзге келісе алмай, отағасы әйелін үшінші қабаттың баспалдағында кеудесінен бірнеше рет ұрып пышақтаған. Бұл іске күдікті деп танылған отағасы бірден қамауға алынды.

Қайрат Ізбасаров, Еңбекші аудандық сотының судьясы: «Күдікті 16.05.1955 жылы туылған азамат қамауға алынды. Ол асхана пышағымен әйелінің кеуде тұсына 4 рет пышақ сұғып, өлтірген. «Еңбекші аудандық сотының шешімімен әйелін пышақтап өлтірді деген азамат екі айға уақытша қамауға алынды».

Айта кетейік, қылмысқа күдікті деп танылған азаматың үстінен ҚР ҚК -нің 99 бабы 1-бөлігімен іс тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.