Шымкентте ақыл есінде кемістігі бар жас жігіт белгісіз жағдайда жоғалып кетті. Туысқандарының сөзінше, Тұрсынбай Құдайберген 14 мамыр күні қаладағы Бекжан базар маңында жоғалып кеткен.

Іздеуде жүрген азамат сөйлей алмайды әрі құлағы естімейді. Жүйке аурулар диспансерінде есепте тұрады. Полицейлер мен жақындары Тұрсынбай Құдайбергенді қала аумағында іздеуде.

«Тұрсынбай Құдайберген Тұрсынбайұлы 14- мамыр күні шамамен сағат 14:00 мен 15:00 аралығында Бекжан автовозалынан шығып кеткен. Түркістан қаласында жүйке аурулар диспасеріне емделуге бара жатқан. Қолында қара сөмкесі бар. Сөйлей алмайды, құлағы естімейді. Анам перзентінің жоғалғанын естіп төсек тартып қалды. Күн-түн демей іздеп жатырмыз» – дейді жоғалған жігіттің туысы.

Жоғалған жігітті табуға көмектескен адамға туысқандары сүйіншісі бар екенін айтады. Тұрсыннбай Құдайберген туралы қандай да бір ақпарат білетін, көргендер болса мына нөмірлерге 775 205 6699, 87011926119 хабарласауына болады