Демалыс күндері қаламыздағы Әл-Фараби аланында автодыбыс «АМТ Қазақстан 2018» сайысының екінші біріншілігі өтті. Көліктерін сәндеуге құмар автокөлік иелері, жыл бойы еткен еңбектерін көпшілікке паш етті.
Сәні мен алып күші келіскен темір тұлпарлар жергілікті тұрғындардың қызығушылығын тудырды. Әрбір көлікке орнатылған аппараттың қызметін таныстырып, көпшілікке темір тұлпарының күштілігімен мақтанғандар көп болды. 100-ден аса көлік иелері бас жүлдені сарапқа салды. Сондай-ақ, жарысқа шетелден ат арылтып келген азаматтар да қатысты. Әділ қазылар бұл сайыста жеңімпаздарды көліктердің әрленуіне қарай анықтады.
Антон Маденин, сайыс жеңімпазы: «Мен бұл көлікті негізі әйеліме алған болатынмын. Кейіннен оны достарыммен бірге сәндей бастадым. Олар маған көмектесті. Біз оны кіші сайыстарға алып барып бірнеше рет жеңімпаз атандық. Дәл содан кейін үлкен жарыстарға қатыстық. Енді міне бүгін тағы да жеңімпаз атандым».