Knews.kg

Шымкентте «Omar Sunkar Group» киностудиясы жаңа киносы үшін кастинг өткізді. Жаңа туындының әзірге атауы «Шайқас» деп аталады. Боевик жанрында түсірілмекші. Жүзден аса жас отандық киноға түсуге бақтарын сынап көрді.

Қобалжып тұрса да үлкен сеніммен үміткерлер анкета толтырып, жаңа қазақстандық кинотуындының продюссер, режиссерларына өздері туралы мәліметті жеткізіп жатыр. Түсіру тобының айтуынша, бұл киноға шетелдік және отандық киножұлдыздар қатысады екен. Бірақ әлі де бас және қосалқы рольдерге, эпизодқа жастар керек. «Omar Sunkar Group» танымал брендтер мен продюссерлік құрам агенттігі талантты, тартымды тұлғаларды табуда тынымсыз ізденісте.

Студент Ғабит Сәметов үшін бұл киноәлемдегі алғашқы қадам емес. Қысқаметражды фильмдерге түсіп үлгерген. Толықметражды фильмге түсіп, танымал кинокомпаниямен жұмыс істеу бақытқа бөлер еді дейді талантты жас.

Ғабит Саметов, кастингке қатысушы: «Еш қиындығы жоқ. Бәрібір де қобалжу деген бар. Сахнаның аты сахна. Киноөндірісінде де өзімді байқап көргім келеді. Ер адам жан жақты болуы қажет».

Кастингке бақ сынау үшін 150-ден астам үміткер келді. Шымкентте түсіріліп басталатын киноны тек қазақстандықтар ғана емес, Ресей мен Франция, Түркия, Ұлыбритания көрермендерінің назарына ұсынылатын болатын. Бұл елдермен меморандум түзіліп те қойылған. Киножобаның негізгі мақсаты азаматтарды қорғау барысында қаза болған Қазақстан полициясының беделін көтеру. Жастардың патриоттық және рухани тәрбиесін негізге алмақ. Киножобаны «халықтық» деп аталып кеткен.

Аман Сүйінбаев, қоюшы режиссер: «Бұл фильм Қазақстан полициясының беделін көтеруге бағытталған. Күні түні азаматтарды қорғау үшін тәртіп сақшыларының ерен еңбегін көрсететін болады. Естеріңізде болса, 2011 жылы теракт кезінде полиция қызметкері Байтасов өзін жарып жіберген болатын. Жаңа кино осы тарихты қозғайды».

Режиссерлердің сөзінше, «Шайқас» фильмінің көрсетілімі 2018 жылдың соңы мен 2019 жылдың басына жоспарланған. Бұл киножобаның алғашқы жұмысы Лондон қаласында 15 тамызда өтетін ірі кинофестивальде көрсетіледі.