Шымкенттік шенеуніктер спорттық флешмобқа қолдау білдіруде

1357

«Сенің жаңа қырың». ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жаппай спорттық флешмоб жалғасын тапты. Акция аясында еліміздің мыңдаған тұрғындары өз қалаларында жаттығу жасап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлестерін қосты.

Елбасының бастамасын қолдаған шымкенттіктер Әл-Фараби алаңына жиналып, бір уақытта спортпен шұғылданды. Айта кетейік, акцияға тек оқушылар ғана емес, қаламыздың шенеуніктері де атсалысты.

Қайрат Нұртай, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Бұл челленджді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі қолдады. Біздің облыста бұл шараны қолдап спортпен шұғылдануда. Спорт дегеніміз — ол дені сау ұрпақ! Президенттің өзі де спортпен шұғылданып, барлығын салауатты өмір салтын қолдауға шақырды. Біз де қолдау көрсетудеміз».

Қасымхан Хамытбек