Қыстық шананы жазда сайлап қоюды жөн көрген коммуналшылар жылыту маусымына дайындықты бастап кетті. Осыған орай дайындық жұмыстары жүргізілуіне байланысты табиғи газдың берілуі уақытша тоқтатылады. Бұл туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің мамандары хабарлады.
Бүгін Артельная көшесінде орналасқан ПГБ-10-дан тартылған газ құбырларында ақау жоқтығын тексеру жүргізілмек, соған орай газ өшіріледі. Аталған жұмыстарды жүргізу барысында Дамбовая, Линейная, Линейная даңғылы, Ковалева, Береговая, Переездная, Можайский, Партизанская, Седова, Артельная, Суворова, Сурикова, Репина, Красная звезда, Рабочий поселок, Ковалевский көшелері, Суворова даңғылында табиғи газдың берілуі 4-мамыр күні уақытша тоқтатылады.