Шымкенттің полицейлері адам тонаған жас азаматтарды ұстады. Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-не 2018 жылғы 22 мамырда жергілікті тұрғын арызданған, онда оған қалалық саябақтардың бірінде белгісіз біреулер шабуылдап, ұрып, соғып 40 мың теңгеге бағаланатын ұялы телефонды алып кеткендігін көрсеткен.

Абай ПБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарлары барысында өз істерін мойындаған Шымкент қ. күдікті үш тұрғыны ұсталды. Тәулік өткен соң қала көшелерінің бірінде жас азаматтар жергілікті тұрғыннан алаяқтық жолымен 70 мыңнан астам теңгеге бағаланатын ұялы телефонды ұрлап кеткен.

Қазіргі таңда аталған жайттар бойынша «тонау» және «алаяқтық» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер күдіктілердің басқа осыған ұқсас қылмыстарға қатысы барын анықтауда. Тәртіп сақшылары Шымкент қ. тұрғындарына қоғамдық орындар мен көшелерде өз мүлкінің қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.