Оңтүстік Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күніне орай арнайы акция ұйымдастырғалы отыр.

«Темекіні тастасаңыз, біз сізге тәтті тағам мен жеміс-жидек сыйға тартамыз!» дейді орталық қызметкерлері. Темекіні тастауға ниет білдірген азаматтар болса, 25 мамыр күні сағат 14:00-мен 18:00 арасында Шымкент қаласындағы Дендросаябақта келуіне болады. «Темекіні тәттіге алмастыр!» акциясына қатысатындар көп болады деген сенім басым.