«Тіркеу» рейді нәтижесінде 4 күнде 1399 заң бұзушылық анықталды

434
фото Tengrinews.kz

Шымкентте өткен «Тіркеу» жедел — алдын алу іс-шарасының барысында 15000-нан аса көп қабатты тұрғын үй мен жеке үйлер тексерілді. Оның ішінде 11 012 пәтер, 51 26 жеке үй бар, деп хабарлайды жергілікті полиция қызметі.

Рейд нәтижесінде 1399 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ең көбі Әл-Фараби ауданында тіркелді — 471. Бұған қоса Абай ауданында — 351, Қаратау ауданында — 277, ал Еңбекші ауданында 30 әкімшілік құқық бұзушылық жайты анықталған.

Тексеру жүргізу барысында мекенжайы бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін 959 азамат ҚР ӘҚБтК 492-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 644 азамат ішкі істер органының есебіне тіркелді. Құжатсыз жүргені үшін қабылдау-тарату орындарына 29 азамат жеткізілді.

Айта кетейік, биылғы 10 мамырдан бастап іс-шараның екінші кезеңі басталды. Осыған орай жеке куәліксіз, жарамсыз жеке куәлікпен жүрген немесе тұрғылықты жері бойынша (уақытша тұратын жері) тіркеусіз тұрғаныңыз үшін 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын естеріңізге саламыз. 2018 жылы 1 АЕК мөлшері — 2405 теңге.