Заңсыз салынған 300 — ден аса тұрғын үй заңдастырылмақ

578
Tengrinews

«Шымкент сити» заманауи қалашығының концепциясына өзгеріс енгізілді. Нәтижесінде, бұған дейін жоспарланған 50 қабатты аспанменен таласқан биік үйлер болмайды. Жергілікті биліктің айтуынша, өзгеріс инвесторлардың ұсынысы негізінде орын алмақ. Концепциядағы бұл өзгеріс Қала құрылысы кеңесінде қаралап жатыр.

427 гектар алқапты алып жатқан «Шымкент сити» қалашығының концепциясы өзгерді, енді жобадағы 50 қабатты биік үйлердің орнын 25 қабатты үй алмастыруы әбден мүмкін. Сәулетшілердің айтуынша, бағдарламаға қатысуға ниет білдірген құрылыс компаниялары қабаттардың санын қысқарту бойынша ұсыныс айтыпты. Әуел баста жоспарланған 59 гектарға саябақ, киноконцерт залы мен спорт кешендері сақталады. Бизнес орталықтарына басымдық беріледі.

«Шымкент сити» қалашығының аумағында 24 жеке кәсіпкердің жер телімдері анықталды. Оларға өз бетінше құрылыс жүргізуге тиым салынған. Жер иелері салынатын құрылыстың эскиздік жобасын қалалық сәулет бөлімімен келісіп жүргізуі тиіс.

Қала әкімдігінің қол жеткізген және бір жетістігі қаланың бас жоспарына сәйкес егжей тегжейлі жоспарын өзектендіруді аяқтады. 3 жыл бойы жүргізілген жұмыстың нәтижесінде бұрын заңсыз салынған 300 — ден аса тұрғын үй заңдастырылатын болды.

Нұрлан Күдерұлы