Жол-көлік оқиғасына қатысты іс бойынша үкім жарияланды

457
inform.kz

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен сотталған О.Ж-ге қатысты қылмыстық ісі қаралды, — деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

2017 жылғы 18 тамызда сотталушы О.Ж Шымкент қаласы Мәртөбе елді мекенінің ішінде ҚР жол жүру ережелерін бұзу салдарынан жаяу жүргіншілер 1980ж.т. Ғ.М.-ды, оның 1981ж.т. келіншегі Б.Б.-ны,  2010ж.т. баласы Б.Б.-ны қағып қағып кеткен. Жол көлік оқиғасының салдарынан жәбірленуші Ғ.М. оқиға орнында қайтыс болған, ал жәбірленушілер Б.Б. ауыр дене жарақатын, оның кәмелет жасына толмаған баласы орта дәрежелі дене жарақатын алған.

2018 жылғы 28 сәуірдегі соттын үкімімен сотталушы О.Ж. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 4 жылға дейінгі мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 2 (екі) жыл 6 (алты)  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚК-нің 63-бабын қолданып тағайындалған жазаны шартты деп, тағайындалған жаза мерзіміне пробациялық бақылау белгіленген.  Үкім заңды күшіне енген жоқ.