Шымкентте қонақүйден өрт шықты. Өрттің шыққаны туралы хабар 101-пультіне таңғы сағат алтылар шамасында келіп түскен.

Оқиға орнына келген мамандар қонақ үйде демалып жатқан төрт адамды эвакуациялап, бір сағатқа жеткізбей өртті толығымен сөндірді.

Оқиға орнында болған мамандар өрттің шығу себебін анықтауда. Абырой болғанда қызыл алаудан зардап шеккендер жоқ.