Еліміздің үшінші мегаполисі атанған Шымкентке әкім болып Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды. Қалабасын Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қала активіне таныстырды.
Шымкент қаласы әкімінің креслосын 13-ші болып қолына алған Ғ.Әбдірахымов 2017 жылдың қараша айында босатып кеткен болатын. Одан кейінгі қала тізгінін Нұрлан Сауранбаев ұстаған-тын. Ғабидолла Әбдірахымов алып мегаполиске айналалған шағында 15-ші әкім болып тізгінді қайта қолына алды. “Шымкентті Лас Вегасқа айналдырамын» деген әкім, «Шым сити» қалашығынының бастау алуына да мұрындық болған кезінде.
Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда дүниеге келген. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген.