Сайрам ауданы Қарасу ауылында суармалы каналдан 20 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Сот медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша әйел суға тұншығып өлген. Сондай -ақ, оқиғаның қасақана кісі өлтіру екендігі анықталды.
Сайрам аудандық ІІБ қызметкерлері жүргізген тергеу кезінде марқұмның күйеуі күдікті деп танылған. Азаматтық некедегі күйеуі кінәсін толық мойындаған…
Күдіктінің айтуынша, ол марқұм әйелін қызғанғандықтан өлтірген. Қызғаныштын себебінен үлкен дау туған. Ақыр соныңда күдікті өз әйелін суға тұншықтырып, оның өлі денесін суға ағызып жіберген. Енді іс сотта қаралатын болады. Әзірге сот 2 айға қамауға алу туралы санкциялық шешім қабылдаған.