«Өрлеу» жобасының шарапатын кентаулықтар да көруде

529
Кентаудғы индустриалдық аймақтың аумағы 300 га ұлғайтылады

Аз қамтылған отбасылар санатындағы азаматтардың әлеуметтік деңгейін оңалту мақсатында оларға қайтарымсыз шартты ақшалай көмек түрлері үлестірілуде. Осыған орай, «Өрлеу» жобасымен Кентау қаласы бойынша 790 отбасы қалалық комиссиясының оң шешімін алып 288 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек түрі тағайындалып, еңбекке жарамды отбасы мүшелері 100 пайыз жұмыспен қамту шараларына тартылған.

Кентаулықтар тігін ісін меңгеруде

Қаражаттың жұмсалу мақсаты бойынша 400 – ге жуық отбасы мал, құс, ал 109 отбасы тігін техникасы құрал – жабдықтарын алып өз істерін ашқан. Атаулы әлеуметтік көмек негізінде жыл басынан бері бүгінде 860 отбасына 112 млн. теңге ақшалай көмек түрі тағайындалған.