«Отырар TV» телеарнасының тілшісі Жанерке Хумар облыстық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастырған байқауда жеңімпаз атанды. Аталған бірлестік маусым басында БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында байқау жариялаған болатын. Сайысқа «Үздік газет» мақаласы, «Сайттағы үздік жарияланым», «Үздік сюжет», «Әлеуметтік желідегі үздік материал» номинациялары бойынша барлығы 70 өтінім келіп түскен. Телеарнамыздың тілшісі солардың арасынан «Үздік сюжет» номинациясын жеңіп алды.
Жанерке Хумар, «Отырар TV» телеарнасының тілшісі: «Кәсіподақтар ұйымының ұйымдастырған байқауында «Үздік сюжет» номинациясына мені лайық деп тауыпты. Бұл үшін әрине қуаныштымын. Кез — келген саланың мамандары марапат үшін жұмыс істемейтіні анық. Дегенмен де еңбегіміз осылай еленіп жатса, бұл әрине тек жақсы әсер қалдырады. Сондықтан да мен қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Барлық әріптестерімді келе жатқан мерекелерімен құттықтаймын!».
Айта кетейік, байқауға қатыстырылған жұмыстардың мазмұны кәсіподақ ұйымдарының қызметін халық арасында насихаттауға арналды. Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз!