2017 жылдың 9 желтоқсаны күні Түркістан ҚІІБ – на жергілікті тұрғын арызданып, онда түнгі уақытта белгісіз тұлғалар үйінің алдында тұрған автокөлігінен автомагнитоласын және аккумуляторын ұрлап кеткенін мәлімдеген. Жәбірленушіге жалпы 20 мың теңге көлемінде шығын келген.
Бұл дерек Түркістан ҚІІБ-ның СДТБТ-не ҚР ҚК – нің ұрлық бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп –тексеру жұмыстары басталған. Аталған жайт бойынша Түркістан ҚІІБ – ның қызметкерлері жедел – іздестіру іс – шараларын жүргізіп, нәтижесінде ОҚО – ның екі жас тұрғындарын анықтап ұстады. Тергеп –тексеру барысында күдікті азаматтардың аккумулятор ұрлығының 3 дерегіне қатыстылығы анықталды.
Полицейлер анықтағандай, күдіктілер өз қылмысын түнгі уақыттарда іске асырған. Олар түн қараңғылығын және үй иелерінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, автокөліктердің есігін бұзу арқылы ішіндегі автомагнитола, колонка және аккумуляторларын жымқырып кетіп жүрген. Жалпы жәбірленушілерге 500 мың теңгеден астам шығын келген.
Қазіргі таңда Түркістан ҚІІБ- ның тергеушілері аталған қылмыстық іске тиісті бағыт беру үшін прокуратураға жолдаған.