Төлеби аудандық білім бөлімінің «Жас туристер станциясының» ұйымдастыруымен Біркөлік шатқалында орналасқан туристік лагерде Төлеби ауданының әкімінің кубогі үшін мектеп оқушылары арасында «Алатау жасыны» атты туристік-спортық жарыстарының ашылу салтанаты өтті., — деп хабарлайды ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, облыстық жас туристер станциясына қарасты туристік лагерде жарысқа өткен жылы 34 мектептен 380 оқушы қатысса, биыл 58 мектептен 600-ден астам жасөспірім қатысуда.
5 күндік жарыс бағдарламасына сәйкес оқушылар «Іздеу-құтқару жұмыстары», «Спорттық бағдарлау» сияқты басқа да дисциплиналар бойынша сайысқа түседі. Сондай-ақ, бүгінгі ашылу күнінде «Туристік-өлкетану іс-шараларын ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық кіріктірілген семинар-практикум өтті.