Төлеби АІІБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды, онда ол ағымдағы жылдың мамыр айында жергілікті жайылымнан 300 мың теңгеге бағаланатын жылқысы жоғалып кеткенін хабарлады. Жоғалған малды нәтижесіз іздестіруден кейін жәбірленуші көмек ретінде полицияға арызданды. Аталған жайт Төлеби АІІБ СДТБТ-не «Ұрлық» бабы бойынша тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Төлеби АІІБ полицейлерімен ОҚО ІІД криминалдық полиция қызметкерлері бірлесіп, екі күдікті ОҚО тұрғындарын ұстады. Ұсталғандар мал ұрлығының үш жайтына қатысы барын тергеу барысында анықталды. Иелердің болмауын пайдалана отырып, барымташылар малды жайылымнан және мал қораларынан әкетіп отырған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын шамамен миллион теңгені құрады.
Қазіргі таңда мал ұрлығы жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Айғақты заттар тәркіленді. Полицейлер ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатысы барын анықтауда.
ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы