«Бекжан» базары маңындағы айналма жол тамызда ашылады

816
Қала әкімі айналма жолдың құрылысымен танысты

Шымкенттегі Алматы күре жолы мен Темірлан тас жолы қиылысындағы  айналма жолдағы құрылыс аяқталуға жақын. Қазір оң қапталдағы бөлігі мен көпірде  құрылыс қызу жүргізілуде. Құрылысшылар жолдың соңғы қабатын, яғни асфальтті төсеп, тегістеуде. Шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов нысандағы атқарылып жатқан жұмыспен танысып шықты.

Құрылыстың барысын қадағалаушы мекеме мамандарына жобаны жіті бақылауды тапсырды. Нысанның төлқұжаты бойынша, жобаның бірінші кезеңі былтыр дәл осы мерзімде бастауын алған. Құны 1 млрд. 737 млн. астам қаржыға бағаланған айналма жолдың құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Құрылыс барысында 9 жер телімі мемлекет пайдасына алынған. Сметалық құжатқа сай, нысан биыл қараша айында тапсырылуы тиіс.

Асфальт төселуде

Қуатжан Жұматаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы: «Бүгінде мұнда жұмыс қызу жүргізілуде. Қаржының 83 пайызы игерілді. Осыған қарағанда нысан мерзімінен бұрын тамыз айында аяқталады».

Темірлан тас жолы мен Алматы күре жолы қиылысындағы жол құрылысы аяқталуға жақын

Құрылыс жұмыстарының аяқталуын шымкенттіктер тағатсыздана күтуде. Кептелістен көз ашпайтын аумақта, емін-еркін көлікпен қатынайтын күн де жақын.