Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Арыс қалалық мәдениет үйінің би үйірмесі «Би толқындары — 2018» айдарымен жылдық есеп беру концертін өткізіп, бірнеше би композицияларының тұсауын кесті. Атап айтқанда, «Атамекен», «Шаттанамын», «Домбыра» т.б., билері көрерменнің көңілінен шықты.
Іс-шараның мақсаты жас өнерпаздардың эстетикалық талғамын арттыру, би өнері арқылы әсемдікке баули отырып, рухани байлығын нығайту. Концертте ұлттық билермен қатар өзге ұлттардыңда билері қойылды.
Концерттің ашылу салтанатында сөз сөйлеген мәдениет үйінің директоры Ш.Қарабаева жас өнерпаздарға өнер әлемінде қанаттарын қатайтып, елімізге танымал биші болуына тілектестік білдіріп, би үйірмесінің бір қатар жетістіктерін айтты. Бүгінгі таңда би үйірмесіне 60-қа тарта өнерпаз қатысады. Үйірме жетекшісі Л.Шұлғаубаева. есептік концертте үздік бишілер марапаттады.