Борышкер абоненттер табиғи газдан ажыратылады

380

Борышкер абоненттер көгілдір отыннан ажыратылады. «Сондықтан да ертерек есеп айырысуға асығыңыз» дейді газбен қамтушы ұйым. Тұтынылған қызметке төлемеген тұрғындарды келеңсіз жағдайлар күтіп тұр.

Мына зәулім үйдің тұрғындары коммуналдық төлемдерді төлеуге келгенде салғырттық танытқан дейді мамандар. Сондықтан да табиғи газ жүйесінен ажыратылған. Абоненттер арасында тұтынушы міндетін ескермейтіндері аз емес. Сондықтан да мамандар шара қолдануға мәжбүр.

Коммуналдық қызметке төлеуден жалтарып жүрген абоненттер аз емес. Қазынаға түсуі тиіс миллиардтаған қаржыны созбалаңға салғандар мемлекетке де әжептеуір шығын әкелуде дейді мамандар. Шымкентте 187 мыңнан аса абонент бар. Оның 38 пайызы- борышкер. «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамының өндірістік филиалының өкілдері борышкерлердің ісі сотта қаралады дейді.