Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар жәрмеңкесі өтті

216

Бүгін Шымкентте бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар жәрмеңкесі өтіп жатыр. Мақсат — мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, облыстың жергілікті аумақтық атқарушы органдарындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу тәртібін түсіндіру дейді ұйымдастырушылар.

Жәрмеңкеге облыстағы жоғары және орта оқу орындарының бітіруші түлектері мен жұмыссыздар шақыртылған. Жыл өткен сайын мемлекеттік қызметке деген қызығушылық артып келеді, оған себеп — жалақының көбеюі дейді салаға жауаптылар.

Мемлекеттік қызметтегі жалақы 60-70 мың теңге мен 600 мың теңгенің арасында. Айта кетейік, бүгінде облыста барлығы 600 — ге жуық мемлекеттік органда 8 мыңнан аса мемлекеттік лауазым бар. Аталған лауазымдарда 8 мыңнан аса мемлекеттік қызметші қызмет атқарса, 300-ден аса лауазым бос тұр.

Мақпал Рысбаева