Балаларды жеке және қоғамдық гигиенаны, өз денсаулығына жауапкершілікті ұстануға үйрету, денсаулық сақтауға дағдыландыру мақсатында, «Балалар біздің болашағымыз!» ұранымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған іс-шара өтті.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы облыстағы медицина мекемелерімен бірлесіп «Дені сау бала», «Жас ана», «Отбасын жоспарлау» денсаулық мектептерінде жас ана-әкелерге нәрестелердің денсаулығын күшейту мен сақтауда ақпараттылығын арттыру, аурудың алдын алудың бір себебі ретінде 6 айға дейін емізуді, одан кейін қосымша тамақ беруді қолдау, ата-ананың алдағы міндеті баланың дені сау болып, өсіп, ары қарай дамуына үлес қосу.
Барлық отбасының өз баласына деген ең жақсы сыйы – ол ерте жастан қалыптасатын мықты денсаулық. Нәресте өмірге аса қуатты болып келеді. Баланың болашақта өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, оны нығайтуда салауатты өмір салтын ұстануға баулуда оқыту сабақтары, мастер-класстар, тренингтер өткізілді