2 белгісіз азамат қаладағы дәмханалардың біріне демалуға келген. Ақыр соныңда олар дәмханада отырған басқа қоңақтардың мазасын алып тиісе бастаған.

Сонан соң олар ішіп жегендерін есептескілері келмей қашпақ болған. Ал күзетші олардан есептесуді талап еткенде күдіктілер оның басын бөтелкемен ұрып қаша жөнелген.

 Оқиға орнынан ізін сутпақ болғандардың сонынан дәмхана қызметшілері түседі. Дәлел ретінде болған жәйітті олар ұялы телефонға түсіріп алады.

Қашуға әрекеттенген күдіктілерді ақыр соңында полиция қызметкерлері қолға түсірді. Кейіннен жедел жәрдем қызметкерлері келіп, жарақат алған күзетшіге көмек көрсетті. Енді істің анық қанығын тәртіп сақшылары анықтайтын болады.