Көші -қон полициясының экс-басшысының ісі сотқа өтті

559

Көші қон полициясы бастығының ісі сотқа өтті. ОҚО ІІД көші-қон полициясының экс- бастығы Нұрдәулет Төлегенұлының үстінен қозғалған қылмыстық іс тергеліп аяқталды. Шымкент қаласы Әл Фараби аудандық сотына іс материалдары өткізілді.

Аталған іс бойынша төрағалық ететін судья Еркебұлан Төлешов басты сот қарауын 25 маусымға белгіледі. Сот процесі ашық және орыс тілінде өтетін болды. Қазіргі таңда экс- басшы Шымкенттегі тергеу изоляторында қамауда отыр. Сотқа полковникті күзетпен әкелетін болады. Осы жылдың сәуір айында құрықталған Нұрдәулет Төленұлы өз кінәсін толық мойындаған.