Келестіктерді көп күттірген тарихи шешім

493

Аудандардың бөлінісіне тарихи жиын өңірде жаңадан құрылған Келес ауданының орталығы Абай ауылында да өтті. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ауданның бөлінудегі маңызына тоқталып, жергілікті жұртқа құттықтауын жеткізді.

Бұл аудан Өзбекстанның 5 ауданымен шекараласады. Халқының саны 350 мыңнан асты. Айтулы тарихи күнде отандық эстрада жұлдыздарының концерті ұйымдастырылып, жергілікті жұртқа мерекелік тарту жасалды. Өңір басшысы ауданға еңбек сіңірген әртүрлі салаларда қызмет етіп жатқан бірқатар азаматтарды марапаттап, алғысын жеткізді.

Тойлыбай Томарбаев, Сарыағаш ауданының «Құрметті азаматы»: «Ишан баба айтқанындай Келес 3 рет келіп, кетеді. Айтқаны айдай келді. Мәңгілік болсын. Жылдар бойы күтіп едік. Арманымыз орындалды. Осыған еңбек еткен азаматтарға, Елбасыға рахмет!».