Кентау қаласында баритті өңдеу өндірісі іске қосылды

786

Кентау қаласында кен байыту кешені қайта жанданады. Бір кездері бұл қала кен өндірумен аты әлемге танылған еді. Кейіннен тұралап қалған кәсіпорындарға отандық және шетелдік инвесторлар қаржы бөліп, түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді. «Қаратау тәжі» саналатын өңірде баритті өңдеу жобасы басталды.

барит өңдеу өндірісі жанданды

Бұл бұрынғы өндіріс аймағы. Ал мына қирандылар Кентау кен байыту фабрикасынан қалған ғимараттар .Кеңес Одағы тарағаннан кейін осындағы өнідіріс орындары тоқтап, кәсіпорын қаңырап қалған.Тек былтыр осында инвестиция тартылып астаналық және алматылық кәсіпкерлер өндірісті жандандырып өндіріске қан жүгіртіпті.

Серік Жусанбаев, кәсіпкер : » Фабрика он жылдан астам уақыт тоқтап тұрған. Былтыр біз 600 млн теңгенің 200 млн құйдық. Жабдықты сатып алдық…Шикізат жетеді , Жұмысты бастадық. Күрделік бар, маман жетіспейді. Бұрындары жұмыс жасаған мамандарды іздестіріп жүріп, тұрақты жұмысқа шақырып жатырмыз. Кезеңімен  құрал-жабдықтарды алмастырамыз.Отандық сатып алуды көздеп отырмыз.»

Кәсіпорында жылына 6О мың тонна табиғи барий сульфатын алу көзделген. Сәуір айынан бастап іске қосылған зауытта қазір 4 ауысыммен 110 адам еңбек етеді. Ал елімізде барит өнімінің негізгі тұтынушылары мұнай газ саласындағы ұлттық компаниялар. Тоқтап тұрған өндіріс орнына қан жүгірткен серіктестік алда өнімді шетелге де экспортауды жоспарлап отыр.
Серик Жусанбаев, кәсіпкер: » Тапсырыстар Ресейден, Түркменстан,Өзбекстан және өзіміздің мұнай өңдейтін өңірлерінен түсуде. Қазіргі таңда бариттің 4 мың тоннасын дайындап қойдық.Теміржол тасымалы бойынша келісім жүргіздік. Шикізат екі жылға жетеді. Қоры осы Кентауда бар»

Сұранысқа ие барит

Өнім нарықта сұранысқа ие. Сондықтан да кәсіпорынның болашағы баянды. Жұмысшылардың санын 150-ге жеткізу көзделген. Бұрынғы кеншілер тұрақты жұмыспен қамтылып, тұрмысын жақсартады деген сөз. Айта кетейік, Кентау қаласының экономикасына өткен жылы 6 жарым миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылса, биыл ол межені 8,3 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.