«5 әлеуметтік бастама» бағдарламасындағы жастарды жатақханамен қамту бойынша Елбасының тапсырмасы Кентау қаласында жүзеге асырылуда. Білім ордасының аумағында екі жатақхана салынуда.
«Олардың біреуі 149 орынға шақталса, екіншісі 151 орындық. Мұнда оқушыларға барлық жағдай жасалған»,- дейді колледждің басшысы. Ғимаратта екі, үш адамға шақталған бөлмелер, жуынатын бөлме және демалатын орын да қарастырылған.
Колледжде өңірдегі аудандардың оқушылары мен өзге өңірлердің ұл-қыздары білімдерін жалғастыруда. Білім ордасы 12 мамандық бойынша кадрлар дайындайды. Олардың үшеуі гуманитарлық болса, қалған тоғызы техникалық мамандар.
Айта кететін жәйт, колледжде техник-механик, техник- құрылысшы, техник-электрик сияқты мамандықтардан басқа газ объектілері құрал -жабдығын пайдалану технигі және кен орындарындағы пайдалы қазбаларды жер астында өңдеу маманы да дайындалады
Оразкүл Егісбаева, Кентау көпсалалы колледждің директоры: «Жатақхананың құрылысын көріп барлығымыз қуанып жатырмыз. Өйткені басқа жерден келіп оқитын балаларымыз пәтер жалдап тұратын. Енді міне бір емес екі жатақхана салынып, 300 оқушыны уақытша баспанамен қамтып отырмыз».
Қазір жатақханаларды студенттік үй деп атайды. Енді оқушылардың алаңдамай білім нәрімен сусындауына, тынығуына жағдай жасалынуда. Үкіметтің қамқорлығы арқасында ата-аналар да балалары үшін уайымдамайды.