Биыл Шымкент қалалық білім бөлімі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасының 7 241 балғынын жазғы сауықтыру лагерлеріне тегін жолдамамен қамтамасыз ететін болады. Сала мамандарының айтуынша, қала сыртында 5 сауықтыру лагері жұмыс істейді.
Бүгіннен бастап, алғашқы маусым басталып кетті. Өткен жылы тегін жолдама 5 мың оқушыға берілсе, биыл қала әкімдігі демалатын балалар санын көбейтіпті. Бұдан бөлек 23 мың бала мектеп жанындағы алаңдарда бос уақыттарын тиімді өткізеді. Оған қаладағы 113 мектеп, 12 аула клубы және 8 мектептен тыс мекемелер атсалысады.
Нұрлан Күдерұлы