«Мал ұрлығына тосқауыл» бағдарламасы аясында…

847

Облыс аумағында мал ұрлығын жою және ашу мақсатында, оның ішінде «Мал ұрлығына тосқауыл» бағдарламасы аясында Сарыағаш АІІБ полиция бөлімінің полицейлері тұрақты түрде мал ұрлығы жайтын азайту және алдын алу, барымташыларды ұстау жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізеді, деп хабарлайды Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Наурыз айында Сарыағаш АІІБ-ның полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды, ол арызында белгісіз біреулер жәбірленушіден үш жылқыны ұрлағаны туралы көрсеткен. Аталған жайт «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен миллион теңгені құрайды.

Сарыағаш АІІБ ПБ полицейлері Төлеби АІІБ қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шарасы барысында «ізін суытпай» төрт күдікті жергілікті тұрғынды ұстады.
Қазіргі таңда мал ұрлығы жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынған. Полицейлер ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстық жайттарға қатысы барын анықтауда.