Марафонда ІІД қызметкерлері І – орынды иемденді

505

Ағымдағы жылдың 16 маусымы күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан 1 маусым- халықаралық балаларды қорғау күніне орай, өңіріміздегі балалар үйлеріне қаржылай көмек беру мақсатында өткізілген мемлекеттік қызметшілер арасында қайырымдылық акциясына қатысты «Алға басу – движение вперед» қайырымдылық жарысы болып өтті.

Жарысқа Оңтүстік Қазақстан облысы мекемелерінің 350- ден астам мемлекеттік қызметшілері қатысты. Мемлекеттік қызмет жүйесінің 20 жылдығы және «Мемлекеттік қызметкерлер күні» мерекелері қарсаңында өткен жарыста облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында бір уақытта мәреге шықты.

Ерлер мен әйелдер арасында жүгіру спортынан өткен сайыста, қатысушылар 25-31 жас, 32-39 жас , 40-49, 50-59 және 60-69 жас аралығында болып топқа бөлініп сынға түсті. Тартысты өткен жарыс барысында әйел қызметкерлер 1,5 км қашықтықта жүгірді. Нәтижесінде ОҚО ІІД Тылды қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Сейденова Мөлдір (31 жасқа дейінгі), ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының жетекші маманы Мырзахметова Ақмаржан (32-39 жас аралығында), ОҚО ІІД Кадр жұмысы басқармасының бас маманы Қасымова Гүлжазира (40-49 жас аралығында) қатысушылар арасында топ жарып, мәре сызығын бірінші болып аттады.
Облыстың мемлекеттік қызметшілері қатысқан спорттық жарыста қарсыласына дес бермеген ОҚО ІІД – нің басқа да қызметкерлері тек жүлделі орындарды иемденді.

Соның ішінде ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының мұғалімі Есенбаева Жансая өз қатарластары арасындағы жүгіруден үшінші орынды қанжығалады.
Ал, оңтүстікқазақстандық мемлекеттік қызметкерлер арасында болып өткен жарыстың қорытындысы бойынша, жалпы командалық есепте ОҚО ІІД- нің қызметкерлері І – орынға лайық деп табылды.

Айтып өтейік, 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай өңіріміздің мемлекеттік қызметшілері балалар үйлеріне қаржылай көмек беру мақсатында 11 миллион теңгеден астам қаржы аударған.