ОҚО -да тағы бір сәби суға кетті

451

Түлкібаста төрт жасар бала суға кетіп, мерт болды. Ол есік алдындағы арыққа абайсызда түсіп кеткен. Ойнап жүріп, ағын суға кеткен балақайды ауылдастары судан шығарған. Ауруханаға жеткізілген баланы аман алып қалу мүмкін болмапты.

Суыт хабар төтеншеліктерге де жеткен. Мамандар балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Ауруханаға жеткізілген балақайды ақ халаттылар дереу жансақтау бөліміне алған. 2014 жылы туған туған бүлдіршін ОҚО, Түлкібас аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Бұл факті ОҚО ТЖД 30 мамыр күні тіркелген. «Сағат 17-00 Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, Демеушов көшесі №190 үйдің жанынан өтетін суғармалы арыққа 07.03.2014 ж.т. бала туыстарының қарауынсыз қалып, абайсызда құлап, суға батып кеткен. 30.05.2018ж. сағат 17-15-те денесін судан туысқандары тауып, шығарып алған» — деп хабарлайды ОҚО ТЖД баспасөз қызметінен.