№1 Облыстық балаларды оңалту орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған қайырымдылық акциясы өтті. Шарада облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен кәсіпкерлер бірлесіп кішкентай балғындарды мерекесімен құтықтады.
Іс-шарада тұсау кесу рәсімі өтті, орталық мамандары көңіл көтеру бағдарламаларын өткізіліп, көңілді сайқымазақтар мен қызықты аниматорлардың қатысуымен әртүрлі сайыстар ұйымдастырылып, қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.
«Humana Group Kazakhstan» өкілдері, Рабиға Байтемірова: «Наурыз пластик» кәсіпорнының басшысы құттықтауларымен келіп, балаларға әртүрлі сыйлықтар сыйлады. Ата-аналар да тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.